Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында  жыл соңына дейін 1,4 млн. пациентттің  үйіне барып қызмет  көрсету үшін емханалардағы мобильді бригадаларға 7,7 млрд теңге қарастырылған. 

Елімізде Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық аурудың белгілері бар  пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 3 мыңға жуық мобильді бригада құрылды.

Мобильді бригадалар емхана мен отбасылық амбулатория жанынан уақытша, тіркелген адам санына қарай   5 мың халыққа 1 мобильді бригада  деген  есеппен  құрылады.

Мобильді бригадалардың жұмысын өңірлердің Денсаулық сақтау басқармасы жергілікті жерлерде ұйымдастырады, қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Халыққа мобильді бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі.

Жоғары температура, ЖРВИ белгілері бар, коронавирусқа немесе пневмонияға күдігі бар пациент жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, ал қалған уақытта (сағат 18-ден кейін, демалыс, мереке күндері) 103 телефоны бойынша аумақтық емхананың тіркеу бөліміне жүгіне алады.

Емхананың  тіркеу бөлімінде  чек-параққа қарап  пациенттің жағдайын бағалайды. Оператор кейін емханадағы  фильтр кабинетіне  өтуге кеңес беруі мүмкін  немесе мобильді бригада ұйымдастырады.

Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және\немесе медбике,  қажет болған жағдайда бейінді маман кіреді.

Мобильді бригадалар халыққа мынадай қызметтер көрсетеді:

  1. пациентті алғашқы тексеру, ауырлық дәрежесін бағалау;
  2. COVID-19 күдікті пациенттерді жедел және ПТР-тестілеу;
  3. көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама береді;
  4. қандағы оттегінің сатурациясы 93% төмендеген кезде науқастың төсегінде консультациялық топ мүшесімен аудио-видеоконференция ұйымдастыра отырып, пульсоксиметрия жүргізу;
  5. «COVID-19 Коронавирустық инфекция» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрілік заттарды тағайындау;
  6. үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу (бұл жағдайда мобильді бригада жедел жәрдем бригадасын шақырады).

Жағдайының ауырлығына қарай пациентке мынадай медициналық көмек көрсетіледі:

  • амбулаторлық дистанциялық бақылау: күнделікті қоңырау шалу (мониторингтік топ);
  • БМСК дәрігерінің қашықтықтан кеңес беруі;
  • көрсеткіштер болған жағдайда бейінді дәрігердің қашықтықтан консультациясы;
  • амбулаториялық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес: ауруханадан тыс пневмония кезіндегі ересектер үшін, пневмония, жоғарғы тыныс алу жолдарының немесе төменгі тыныс жолдарының жіті респираторлық инфекциялары, синусит/бадамша және аденоид аурулары кезіндегі балалар үшін
  • клиникалық хаттама бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, айғақтары болған жағдайда үйдегі стационар.

Медициналық сақтандыру қоры Қор төлейтін қызметтердің сапасын жақсарту үшін пациенттер шағымдар мен ұсыныстармен 1406 байланыс орталығына жүгінуге, сондай-ақ оларды Qoldau24 \ 7 мобильді қосымшасында қалдыруға болатындығын ескертеді.

23.07.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу